Үздік мұғалімдердің баспана ақысы төленеді

Үздік мұғалімдердің баспана ақысы төленеді
Сурет: Yvision.kz

Білім және ғылым министрі мұғалім тапшы өңірлерге үздік мамандарды тарту үшін арнайы бағдарлама әзірленетінін мәлімдеді.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мұғалім тапшылығы мен білім беруде үлкен алшақтық байқалатын өңірлерге талдау жүргізілген. Олар Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстары болып танылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Бұл өңірлерге жоғары оқу орнын бітірген ең үздік педагогтар тартылады. Оларға арнайы әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. Соның ішінде жалақыны арттыру бойынша тиісті коэффициент белгілеу, тұратын үйінің төлемін өтеу немесе коммуналдық қызмет төлемін өтеу сияқты ынталандыру шаралары қарастырылып жатыр», – деді Аймағамбетов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол 2025 жылға қарай елде шетелдік бес жоғары оқу орнының филиалы ашылатынын хабарлады.