Заң қағидалары халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді – Асхат Аймағамбетов

Заң қағидалары халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді – Асхат Аймағамбетов
сурет: Egemen.kz

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні. Осыған орай Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Министр құттықтау сөзін Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын! Конституция әрбір азаматтың құқықтары мен бостандығының мүлтіксіз сақталуына кепілдік береді. Заң қағидалары алға жылжуымызға, ауқымды жобаларды іске асыруға, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Мереке күні баршаңызға амандық, бейбіт аспан, барлық бастамаңызға толағай табыс тілеймін! Халқымыздың заң үстемдігіне ұмтылысы әрқашан зор болсын!», - деп жазды Аймағамбетов.