Заң - баршаға ортақ

Заң - баршаға ортақ
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінде кәмелетке толмаған жасөспірім сотталғандар арасында 30 тамыз – Конституция күніне орай «Ата заң – елімнің қорғаны» атты мәдени іс-шара өтті.

Онлайн форматтағы жүздесуге Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының көпшілік  іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Шарайна Құмарова және оқырмандар залы бөлімінің қызметкерлері Ақерке Абзелбек пен Сымбат Лесбек Сымбат мұрындық болды.
Бұл мәдени шараның мақсаты – жазалы жасөспірімдерді еліміздің Ата заңы туралы жан-жақты хабардар етіп, мәліметтер беру, сондай-ақ, олардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыруға, түзеу мекемесінде жүрсе де, жақсы күндерден күдер үзбеуіне септесу.
Кітапханашы С.Лесбек Конституциямыздың мақсат-мүддесін ашатын баяндамасын оқып, тарихтан бастап қазіргі күнге дейінгі қолданыстағы заңға толық түсініктеме берді.
Жазалы жасөспірімдер Конституция күніне арналған өлең шумақтарын екі тілде жатқа оқыды. Ал А.Абзелбек ел мен жер туралы қызықты мәліметтер туралы танымдық сұрақтар қойып, қызықты ойын өткізді.  Мереке Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері дайындаған жаңа кітап көрмесімен түйінделді.
Сотталған балалар арасындағы әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімі бастығының міндетін атқарушы әділет аға лейтенанты Бекзат Жақанов  кітапхана қызметкерлеріне мекеменің атынан алғыс білдірді.