Зайытов Мәжілісте қандай мәселелерді көтеретінін айтты

Зайытов Мәжілісте қандай мәселелерді көтеретінін айтты
Сурет: ашық дереккөз

Ол мәселені енді айтыстағыдай өлең жолымен емес, депутаттық сауалмен жеткізетінін айтты.

Мәжілістің кулуарында жаңадан сайланған депутат Ринат Зайытов депутат ретінде қандай мәселе көтеретінін айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Azattyq Ruhy-на сілтіме жасап.

«Мәжілісте айтыста көтеріліп жүрген мәселелер көтеріледі. Өлең жолымен емес, депутаттық сауал ретінде», - деді Ринат Зайытов.

Жаңадан сайланған депутат әлеуметтік желілерде айтылып жүрген сайлаудаға фальсификация мәселесін табандылық танытып жүрген адамдардың тиісті органдарға жүгініп, аяғына дейін жеткізуі қажет екенін айтты.

«Сайлаудағы фальсификацияға өзім де қарсымын. Басында бірмандаттық сайлау округінен кандидатурамды алдым. Одан кейін «AMANAT» партиясының партиялық тізімімен ұсынысқа келісім бердім. Өңірлерді аралап, халықпен кездескенімді көрдіңіздер. Жасанды кездесу емес, халықпен байланысуға тырыстық. Өз басым халықтың сенімі мен дауысы арқылы өттім деп айта аламын», - деді жаңа депутат Мәжілістің кулуарында.

Ол партиялық бәсекеде «AMANAT» толыққанды жеңіске жеткенін айтты.

«Осы 7 партияның ішінен «AMANAT» партиясы толыққанды жеңіске жетті деп айта аламын. Өтірік емес, шын. Оған моральдық, толық құқығым бар. Көп мәселені шешкім келеді. Ең алдымен, тіл мәселесі», - деді Ринат Зайытов.