Заңсыз табылған қаражатты криптонарық арқылы жасыруға тосқауыл қойылмақ

Заңсыз табылған қаражатты криптонарық арқылы жасыруға тосқауыл қойылмақ
Сурет: Zakon.kz

Заңсыз табылған қаражатты криптонарық арқылы жасыруға жол берілмейді.

Қаржы мониторингі агенттігі «Binance» халықаралық криптобиржасымен осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге келісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл - қылмыстық жолмен баюдың алдын алуға бағытталған қадамның бірі. Өйткені соңғы кезде заңсыз табысын виртуалды ақшаға айналдыру арқылы заңдастыратындар көбейген. Агенттік болашақта осы тәсілмен шетел асқан мемлекет қаражатын қайтаруды да жоспарлап отыр.

 «Криптоактивтерді тоқтата аламыз. Бұғаттай аламыз. Болашақта сот үкімімен, болмаса басқа да құзырлы органдардың қаулысымен біз оны мемлекетке тәркілей аламыз», - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі департамент басшысының орынбасары Кенесары Бағбанұлы.