Заңсыз қару ұстаған 189 адам ұсталды

Заңсыз қару ұстаған 189 адам ұсталды Сурет: Inform.kz

Еліміздің барлық өңірлерінде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.


Қаңтар оқиғаларынан кейінгі аталмыш шарада заңсыз қару ұстаған 189 адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін және алып жүргені үшін 189 адам ұсталды, 252 дана атыс қаруы, 2 315 арнайы құралдар мен оқ-дәрілер табылды және тәркіленді. Мысалы, Алматыда «Шаңырақ-2« шағынауданында тұрғылықты жерінен аңшылық мылтық, 8 пневматикалық мылтық, пневматикалық тапанша, снаряд, 12 гранат, Калашников автоматының 2 магазині, сауыт және қалқан табылып, тәркіленген төрт азамат ұсталды. Тараз қаласында бір топ адам ұсталды, олардан 2 травматикалық және 1 сигналдық тапанша, жарық-шу гранатасы және 9 мм калибрлі 173 патрон табылып, тәркіленді», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Бағланбек Айтпаев министрлікте өткен брифингте.



Сонымен бірге, спикердің айтуынша, Талдықорғанда тұрғылықты жерінен 9 патроны бар «Макаров» тапаншасы табылып, тәркіленген адам ұсталды. Жамбыл облысында травматикалық тапанша, аңшылық мылтық және сауыт тәркіленген екі адам ұсталды.



«Тұрғындардың өз еркімен 50 қару, оның ішінде 5 иір ойықты, 29 тегіс ұңғылы және өзге де 4 қару тапсырылды», - деді басқарма бастығы.



Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі 19 қаңтарда төтенше жағдай режимі жойылған соң, еліміздің барлық өңірлерінде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өтетінін жариялаған еді. Аталған шара аясында 4 мыңнан астам қылмыс ашылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17