Заңгер кеңесі

Заңгер кеңесі
Сурет: ашық дереккөз

Үстеме ақы алу заңсыз 

Кафе, ресторан, қоғамдық тамақтану орындарында қызметі үшін үстеме ақы алуы заңды ма?
Сабина Ахметова, заңгер:
- Кафе, ресторан, қоғамдық тамақтану орындарында қызметі үшін пайызбен ақша алуы заң талаптарын бұзу болып есептеледі. Мекеме (мейрамхана, дәмхана және т.б.) қызмет көрсету үшін қосымша жүктемені ала алмайды. Кафелер мен мейрамханаларда тұтынушыларға даяшы қызметін көрсету осы санаттағы қоғамдық тамақтану объектілерінің міндетті шарты болып табылады. Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің 2013 жылғы №30389 мемлекеттік стандартына сәйкес, қоғамдық тамақтандыру орындары заңды мекеме болғандықтан, даяшылардың айлығы мекеме қызметінің ішінде қосулы болуы тиіс. Демек, олардың сізден 10 пайыз үстеме алуы заңсыз және тұтынушының заңды құқығын бұзу болып есептеледі.