Заңғар Нұрланұлы Франциядағы турнирдің чемпионы атанды

Заңғар Нұрланұлы Франциядағы турнирдің чемпионы атанды Сурет: Inbusiness.kz

Спортшы төртінші титулына қол жеткізді.


Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Франциядағы 14 жасқа дейінгілер арасында бірінші санатты Tennis Europe турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Заңғар финалда франциялық Тимео Труфеллимен бас жүлдені сарапқа салды.


Бірінші партияда корт иесі басымдылық танытты - 7:5. Дегенмен екінші сетте Заңғар ойын тізгінін өз қолына ала білді - 6:1.


Үшінші, шешуші партияда да З.Нұрланұлы қарсыласына дес берген жоқ - 6:1.


Финалға дейінгі жолда қазақстандық теннисші Аустрия, Ресей және Франция елдерінің мықты ойыншыларын қапы қалдырды.


Осылайша ол Tennis Europe сериясы бойынша өткен турнирлерде төртінші титулына қол жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37