Заңдылықтың сақталуы бірінші кезекте тұру керек

Заңдылықтың сақталуы бірінші кезекте тұру керек Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық берілді. Президенттің Жолдауы басталғаннан осы мәселе турасында айтқан сөзін тағатсыздана күтіп отырдым. Естігенде толқып, қатты қуандым. Бірнеше маңызды мәселелер айтылды ғой. Бірақ бәрінен де маңыздысы –  Қаңтар оқиғасына қатысты шешім болды.


Қаңтар айынан бастап комиссия құрылғалы бері құрамында заңгерлер мен  адвокаттар жұмыс істеп келеді. Біз бір емес, бірнеше мәрте рақымшылық қолдануды мәселе етіп көтердік. Митинг деп шығып, артынан жаппай тәртіпсіздікке ұласқан алаңда жүрген жастармен, 600-ге жуық азаматпен тергеу изоляторы жағдайында жеке сөйлестік. Оларға бір ғана: «Сен өзің жеке азамат ретінде осы алаңға не үшін шықтың?» деген сұрақ қойылды. Сонда басым бөлігі «әділетсіздік» деп жауап берді. Яғни қымбатшылық та, басқа да емес. Өзі әділетсіздікке тап болмаса да, досы, туысы, танысынан қоғамдағы әділетсіздіктерді естиді. Сондықтан құқық, заңдылықтың сақталу мәселесі бірінші кезекте тұру керек. Қалғанының бәрі, тіпті экономикалық мәселе екінші кезекте тұруға тиіс. Бір-екі заттың қымбаттағанына халық алаңға шықпайды.  


Жастары 25–35 жас аралығындағы 99,9 пайызы бұрын сотталмаған. Ешқандай қылмыстық құқықбұзушылық жасамаған, тергеу орындарында болмаған. Аяқ астынан 2022 жылдың 4 қаңтарында бәрі жаппай қылмыскерге айналып кете ме сонда?  Мүмкін емес. Осыны дәлелдегіміз келіп жүргеніне біраз уақыт болды. Сондықтан рақымшылық жариялану керек. Тіпті, қолына қару ұстап тұрғандардың кейбірі ол қаруды не үшін ұстағанын өзі білмейді. Қаруды алғанымен, ату, сату мақсаты жоқ азаматтар болды. Міне, осы азаматтарға араша  сұрап жүргенімізге біраз болды. Осыдан 1 ай бұрын Президенттің атына тек қана осы рақымшылық жариялау туралы ұсыныс жолдадық. Сонда мейлінше сараптама жасап шықтық. Президент Жолдауында рақымшылық беру туралы шешім қабылдағанына мен өте қатты қуаныштымын. Жыл басынан бастап қыркүйекке дейін 9 айға жуық тек қана осы шаруамен айналыстық. Басқа істерге мойын бұруға мұрша болып жатқан жоқ. Сондықтан бұл – үлкен жеңіс деп есептейміз және бұл үшін Президентке алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Тарихи сәт деуге болады. Жұмыстың нәтижесі. Біздің жұмысымызға назар аударып, естіп, осы шешімді қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:49

09:32

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31