«Za Россию!» баннер-афишасы жалған

«Za Россию!» баннер-афишасы жалған
Cурет: Ашық дереккөз

Афиша, күні, жарияланған форматы шындыққа сәйкес келмейді

Әлеуметтік желілерде Ольга Кортункова, Денис Дорохов, Давид Цаллаев және т. б. комедианттардың қатысуымен "музыкалық-патриоттық марафонның" өткізілуі туралы ақпараттарға қатысты "Алматы әуендері" КМҚК баспасөз қызметі таратылған "Za Россию!" баннер-афишасы жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Афиша, күні, жарияланған форматы шындыққа сәйкес келмейді. Ресми афиша мен концерттік бағдарламада қандай да бір саяси астары жоқ екенін атап өтеміз»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, ұйымдастырушымен концерттік залды жалға алу және «Однажды в России» сатиралық шоуын өткізу туралы келісім-шарт 2021 жылдың 8 желтоқсанында жасалған. Бұрын гастрольге сәйкес, концерттік бағдарлама қаңтар айына жоспарланған және екі рет 2022 жылдың мамыр айына ауыстырылған.

Бүгінге дейін ұжым Қазақстанның 8 қаласында, соның ішінде Қарағанды, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Өскемен қалаларында өнер көрсетті. 
«Однажды в России» - 2014 жылдың 28 қыркүйегінен бері бар және таза ойын-сауық болып табылатын коммерциялық жоба. Қазақстандағы бағдарламаның форматы да тек қана комедиялық болып қала береді, мұны https://almaty-ayenderi.kz ресми сайтында жарияланған ақпарат толық дәлелдейді.

Еске салайық, әлеуметтік, ұлттық, рулық, таптық және діни араздықты қоздыруға бағытталған жалған ақпаратты (жалған ақпарат) тарату Қазақстан Республикасының Заңымен қудаланады.

Арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды, сондай-ақ ақпаратты тексеріп, тек ресми ақпарат көздеріне сенулеріңізді сұраймыз.