Ұйқысыздықпен күресу үшін не жеу керек?

Ұйқысыздықпен күресу үшін не жеу керек?
Сурет: Мed-olimp.ru

Диетолог Гинзбург ұйқысыздықпен күресу үшін жүзім, бадам және жұмыртқа жеуге кеңес берді.

Медицина ғылымдарының докторы, ресейлік диетолог Михаил Гинзбург «Россия 1» арнасының «О самом главном» бағдарламасында ұйқысыздықты жеңуге көмектесетін өнімдерді атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Маман бұл мәселені шешу үшін қызыл жүзім, бадам және жұмыртқа жеуді ұсынды.

Диетолог қызыл жүзімді қалыпты ұйқыны қамтамасыз ететін бірден-бір өнім ретінде атады.

«Біріншіден, жүзімнің құрамында ұйқы гормоны ретінде белгілі мелатонин бар», - деді Гинзбург.

Дәрігер мелатониннің адамның биологиялық сағатын реттейтін қасиеті бар екенін түсіндірді. Сонымен қатар, гормонның жеткілікті мөлшерде өндірілуі салмақтың қалыпты болуын қамтамасыз етеді және гипертонияның дамуына жол бермейді, деп қосты ол.

Ұйқысыздықпен күресуге көмектесетін өнімдердің арасына дәрігер бадамды да қосқан. Гинзбург бұл жаңғақтың құрамында адамды күйзеліске ұшыратпайтын элементтер бар деп түсіндірді.

«Нақтырақ айтсақ, магний тыныштандыратын, жасушалық метаболизмді жақсартатын және жасушалардағы қозу процестерін азайтатын минерал», - деп атап өтті ол.

- Жұмыртқа да ұйқысыздықпен күресуге көмектеседі, - дейді маман. Оның айтуынша, протеиндік тағамдар ақуызды құруға қатысатын амин қышқылдарының бірі - триптофанға бай.

«Ағзадағы триптофан серотонинге - қуаныш гормонына айналады, серотонин кейін мелатонинге айналады», - деп қорытындылады дәрігер.

Бұдан бұрын Гинзбург түнгі жүрек жалғауға арналған ең жақсы тағамдарды атаған. Олардың ішінде сүт қышқылды сусындарымен біріктірілген мюсли, қантсыз жарма үлпектерін атады. Маманның айтуынша, егер адам бірдеңе жегісі келген құмарлықпен ұйқыға жатса, түнде аштық сезімі күшейіп оянып кетеді, ал таңертең тамақты артығымен жей бастайды, бұл белсенділіктің, көңіл-күйдің төмендеуіне әкеледі және жалқаулыққа жетелейді.