Ұйқыдан тұрғызбай қоймайтын оятқыш

Ұйқыдан тұрғызбай қоймайтын оятқыш
Сурет: Gazeta.ru

Қытайда ерекше ояту құралы жасап шығарылды.

Ұйқыдан тұрғызбай қоймайтын оятқыштың ерекшелігі - оның ұшатындығында,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Flying Alarm Clock деп аталатын оятқыштың көмескі  жарығы және дыбыс сигналы шыққан кезде іске қосылатын пропеллері бар. Бұл туралы «Вокругтехно» Telegram-каналы хабарлаған.

«Бұл оятқыш тағы бес минут ұйықтай тұруға мүмкіндік бермейді.  Қарапайым зат болғанмен, ұшып жүрген оятқышты тауып алғанша, пропеллер  дыбысы өшпейді», — дейді құрылғы авторлары.

Ұшатын оятқышта дыбыстық сигналды қосатын кіріктірілген динамик бар екені атап өтілген. Иесі оны оңай өшіріп алмас үшін құрылғы пропеллерді іске қосып, иесі дабылды ұстап алып, оны орнына қойғанша бөлмені айналып ұшып жүреді.

Ұшатын оятқыштың корпусы пластиктен жасалған және оның жұмысы үшін AA типті бес  батарея қажет. Құрылғы Қытай нарығында AliExpress  сайтының сатылымына шығарылып үлгерген.