Үйінің ауласында есірткі өсірген алматылық анықталды

Үйінің ауласында есірткі өсірген алматылық анықталды Сурет: Polisia.kz

Полиция қызметкерлері үй ауласында жасырылған плантациядан 16 марихуана түбін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



 «Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласы Жетісу ауданындағы Щорс көшесі бойындағы үйлердің бірінде 16 түп қарасора тәркіленді. Үй иесі – Б.есімді азамат ұсталды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген түптер марихуана есірткісі болып шықты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 3 келі 910 граммды құрады. Құрамында өсіруге тыйым салынған есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл әрекеттердің шынайы себебі міндетті түрде анықталатын болады», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55