Үйінді астында дүниеге келген сәбиді асырап алғысы келетіндер қатары қалың

Үйінді астында дүниеге келген сәбиді асырап алғысы келетіндер қатары қалың
Сурет: Newtimes.kz

Бірер күн бұрын зілзаладан кейін Сирияда үйінді астында дүниеге келген нәресте құтқарылған еді. 

Ол жайында әлемдік БАҚ жаппай хабар таратты. «Би-Би-Си»-дің хабарлауынша, ата-анасыз қалған Айя есімді сәбиді асырап алуға әлеуметтік желі арқылы мыңдаған адам ниет танытқан. Қазір Айя ауруханада жатыр, жағдайы тұрақты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Жалпы, елде апат құрбандарының саны 3300-ден асты. Зардап шеккендерге гуманитарлық көмектің алғашқы легі кеше жеткен. Логистикалық қиындықтар мен жолдардың бұзылуына байланысты елдің солтүстік-батысына жүк көліктерін кіргізу мүмкін болмаған еді.