«Южный» паркінің бір бөлігін абаттандыру жобасы 2024 жылға жоспарланған

«Южный» паркінің бір бөлігін абаттандыру жобасы 2024 жылға жоспарланған
Сурет: Almaty.tv

«Южный» паркі мемлекет меншігіне қайтарылған. 

Бүгінгі таңда Алматы қаласының мәслихаты паркті абаттандыру және көгалдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлу туралы ұсынысты қарастыруда. Жоба 2024 жылға жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін 4 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарлануда. Жаңа жобалар: №1 тұндырғыштан Абай даңғылына дейінгі ұзындығы 7,1 км Үлкен Алматы өзенінің жағалауы, бұрынғы Резиденция орнындағы парк, Тұңғыш Президент паркін реконструкциялау, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешеніне іргелес аумақ.

Тұрғындардың көптеген өтініштері бойынша жер қатынастары басқармасы сквер салу үшін Қазыбек Тауасарұлы көшесіндегі ауданы 0,4 га жер учаскесін қала балансына қайтару бойынша жұмыстар жүргізуде.

Осы жылдың қазан айына дейін ауданның барлық жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін
(12 жерасты, 7 жерүсті) жөндеу жұмыстары жүргізіледі.