Юлия Путинцева Рабат турнирінің ширек финалына шықты

Юлия Путинцева Рабат турнирінің ширек финалына шықты
Сурет: Ашық дереккөз

Путинцева 8 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді

Қазақстандық, әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 129-ракеткасы, франциялық Леолия Жанжанмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Ю.Путинцева қос брейкке қол жеткізді - 6:2.

Екінші сетте 5:0 есебімен алға кетіп, матчқа доп бергенде, қарсыласы брейк жасады. Дегенмен Юлия бәсекені тағы бір брейкпен түйіндеді - 6:1.

Бір сағат 15 минутқа созылған кездесуде Ю.Путинцева 8 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді.

Қазақстандық спортшы жартылай финалға шығу үшін әлемнің 55-ракеткасы, мысырлық Маяр Шериф немесе рейтингте 195-сатыдағы аргентиналық Юлия Риераның біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.