Үшінші мегаполисте үш ауысыммен жұмыс істейтін мектеп мәселесі толығымен шешілмек

Үшінші мегаполисте үш ауысыммен жұмыс істейтін мектеп мәселесі толығымен шешілмек
kz.otyrar.kz

Биыл Шымкентте инвестор есебінен жаңа 15 мектеп ашылады.

Білім беру қазақ тілінде жүргізіледі. Қалалық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, мектептер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейді.

Нәтижесінде биыл үшінші мегаполисте үш ауысыммен жұмыс істейтін мектеп мәселесі толығымен шешіледі.