«Ұшақта бомба бар» деп айқайлаған жолаушы қамауға алынды

«Ұшақта бомба бар» деп айқайлаған жолаушы қамауға алынды
сурет: nn-airport.kz

Күдікті кінәсін мойындады 

Елорда әуежайында ішімдік ішкен жолаушы «ұшақта бомба бар» деп айқайлап, жолаушыларды дүрліктірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Polisia.kz-тің дерегінше, 21 тамыз күні сағат 10.00-да әуежайдағы желілік полиция бөліміне Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы терминалының стерильді аймағында Тurkish Аirlines компаниясының Нұр-Сұлтан – Анталья бағытындағы әуе рейсіне жолаушыларды отырғызу кезінде 44 жастағы жолаушы мас күйінде бірнеше рет «ұшақта бомба бар» деп айқайлағаны туралы хабарлама түсті.
Әуежайды тексергенде жарылғыш құрылғы, басқа да тыйым салынған заттар табылған жоқ.
Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Уақытша ұстау изоляторына қамалды.