Ұшақ кешіккен жағдайда билет құнының бір бөлігі қайтарылады

Ұшақ кешіккен жағдайда  билет құнының бір бөлігі қайтарылады
Сурет: Aikyn.kz

Бұл туралы Сенатта айтылды.

Ұшақ кешіккен жағдайда, билет құнының бір бөлігі қайтарылады. Сенат қабырғасында көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша заң жобасын таныстырған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. Құжатта өзге де көліктердегі қауіпсіздік жайы қозғалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Заңға енгізілгелі отырған қосымша өзгеріс әуе компаниясының кінәсінен ұшақ уақытында ұшпаса, әр сағатына билет ақысының 3 процентін қайтаруы керек. Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жолаушы алдымен әуе компаниясына арыз жазады. Одан нәтиже шықпаса, сот арқылы өз ақшасын өндіре алады. Соңғы жылдары әуе кемелерінен кінәрат болып жатқаны мәлім. Министр осы мақсатта келер жылы әуе қауіпсіздігін бақылайтын ұйымның филиалы ашылуы мүмкін екенін айтты. Құжат қабылданса, азаматтық авиация қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігі артады, көліктік бақылау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою көзделген. Сондай-ақ түрлі транспорттарды пайдаланатын жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қауіпсіздігін күшейту көзделген. Теміржол көлігіндегі апаттарды, сондай-ақ кемелердегі авариялық жағдайларды тергеудің тиімділігін арттыру жайы да бар.