Үш баласымен 9-қабаттан секірген әйелге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Үш баласымен 9-қабаттан секірген әйелге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Сурет: Оrtcom.kz

Қайғылы оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің 105-бабы («өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2021 жылдың қарашасында «Жетісу» шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылғы балаларымен бірге 9-шы қабаттан секіріп кеткен.

Келіншек пен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала "жедел жәрдем" көлігінде жан тапсырды.

«Аталған факт Әуезов ауданы полиция басқармасында қылмыстық кодекстің 105-бабы («өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша тіркелді. Кешенді тергеу шаралары жүргізілді. Нәтижесінде қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды», - деді Салтанат Әзірбек.