Үндістандықтар ыстықтан қаза табуда

Үндістандықтар ыстықтан қаза табуда Сурет: ашық дереккөз
Үндістанның халық көп шоғырланған екі штатында соңғы бірнеше күнде кем дегенде 96 адам қаза тапты. Қазір бүкіл ел аптап ыстықтан зардап шегіп отыр. Уттар-Прадеш пен Бихар штаттарында ауа температурасы 45°C-қа дейін көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  


Өлім-жітім әсіресе солтүстік Уттар-Прадеш штаты мен шығыс Бихар штатында көп кездеседі. Билік осы штаттардағы 60 жастан асқан тұрғындарға және әртүрлі аурулардан зардап шегетін басқа адамдарға күндіз үйден шықпау туралы ескертті, деп жазды The Guardian.


Уттар-Прадеш штатының Баллия ауданында 54 адам қайтыс болды. Билік қайтыс болғандардың көбінің жасы 60-тан асқанын және қатты ыстықтан асқынуы мүмкін сырқаттары бар екенін анықтады.


Баллия ауданының медицина қызметкері С.К.Ядав соңғы үш күнде аудандық ауруханаға аптап ыстықтан бұрыннан бар дерті асқынған 300-ге жуық науқас түскенін айтты.


Ауыр жағдайға байланысты билік жедел жәрдем бөлімендегі төсек санын көбейтті.


Патак есімді Баллия тұрғыны 17 маусымда әкесінен айырылған.


«Баллияда мұндай жағдай болған емес. Ыстықтан мұншалықты көп адам қайтыс болғандарды көрген емеспін. Адамдар көшеге шығуға қорқып отыр. Жолдар мен базарлар қаңырап бос қалды», -дейді Патак





Жексенбі күні Баллия округінде ең жоғары температура 43°C болды. Бұл әдеттегі нормадан 5°C-қа асып кетті. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 25% деңгейінде бекітілді, бұл жылу әсерін арттырды.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09