Үндістанда құрылысы аяқталмаған көпір опырылды

Үндістанда құрылысы аяқталмаған көпір опырылды
Сурет: Inform.kz

Үндістанның Бихар қаласында Ганга өзенінде салынып жатқан төртжолақты Султангандж-Агуани Гхат көпірі опырылды.

Ол құрылыс кезіндегі қателіктен опырылып кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Апат салдарынан кем дегенде 30 плитаның діңгектері құлаған.

Бұл осы көпірдегі екінші жағдай. 2022 жылдың сәуірінде №4, 5 және 6 діңгектері қираған болатын. Оқиға бекітілмеген кабель бағанынан болған. Тұрғындардың бір бөлігі бұған сапасыз құрылыс материалдарын пайдаланған құрылысшыларды кінәлауда.

Билік өкілдері көпір конструкциясының құлау себебін тексеріп, кінәлілерді анықтауға және оларға қатысты қатаң шаралар қолдануға тапсырма берді. Көпір құрылысы 2020 жылдың наурызында аяқталуы тиіс еді, бірақ ол үш жылдан астам уақытқа созылып кетті.