Үндістанда коронавирустың жаңа нұсқасы анықталды

Үндістанда коронавирустың жаңа нұсқасы анықталды
Сурет: News.un.org

Жұғу көрсеткіші шамамен 10 пайызға артық.

Үндістанның қаржы астанасы Мумбай қаласында бүгін "омикронның" қосалқы түрі - Хе коронавирус штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

"Омикрон" штамына қарағанда жұқпалы деп саналатын бұл жаңа нұсқа алғаш рет Ұлыбританияда анықталған болатын. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жаңа нұсқа "омикрон" коронавирусының қосалқы  BA.2 мутациясына қарағанда жұғуы шамамен 10 пайызға артық.