Үндістанда барлық карантиндік шектеулер алынды

Үндістанда барлық карантиндік шектеулер алынды
Сурет: Tourdom.ru

Елге кіру үшін ПТР сынақтары қажет емес.

22 қарашадан бастап Үндістан билігі шетелдіктердің кіруіне қойылатын талаптардың басым бөлігін алып тастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz cілтеме жасап. 

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, вакциналау енді халықаралық келушілерге міндеттелмейді.

"COVID-19 траекториясының тұрақты құлдырауы әлемде және Үндістанда COVID-19 вакцинациясын қамтудағы елеулі жетістіктерге байланысты. Денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрлігі Халықаралық келушілерге арналған нұсқаулықтың қайта қаралған нұсқасын шығарды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар шетелдіктерге енді Air Suvidha порталында вакциналау туралы декларацияны толтыру, сондай-ақ елге кіру үшін ПТР сынақтары қажет емес.

Өткен аптада билік Үндістанда ішкі және халықаралық рейстерде маска тағу міндетін алып тастады. Енді саяхатшылар бетперде тақпағаны үшін айыппұл төлемейді.