Үндістанда Абайға арналған бюст ашылды

Үндістанда Абайға арналған бюст ашылды
Сурет: Elorda.info

Үндістанның Нью-Дели қаласында қазақтың бас ақынына арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды.

Ұлы Абайға арналған бюсттің ашылу салтанатына Премьер-министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Үндістанның Сыртқы істер және мәдениет мемлекеттік министрі Минакши Лекхи, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

"Абай – ұлы ақын ғана емес, кемеңгер ойшыл, әйгілі ағартушы. Ол жұртты ғылым игеруге, білімдар болуға үндеді. Жаңашылдық пен жасампаздықты дәріптеді. Абай мұрасы – біздің елімізге ғана емес, барша адамзатқа ортақ құндылық", - деді Бақыт Сұлтанов.