Үміткерлер іріктелді

Үміткерлер іріктелді Сурет: Қайрат Қонысбай

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға қатысты мәселелер бойынша Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.


Отырыс барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың оларға қойылатын Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкестігі анықталды.



Жиын нәтижесінде Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы келесідей мәлімдеме жасады:


«Алматы қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасынан және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің анықтамалары негізінде, кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңымен қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау үшін, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына ұсынылған кандидаттардың құжаттарын қарастыра отырып,  Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы мынаны анықтады.



Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат:



  1. Жаниязова Жарқын Лепесқызы Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 2 және 3-тармақтарында, 51-бабы 4-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 4 және 70-баптарында белгіленген талаптарға сәйкес.

  2. Ильяшев Әлнұр Қайратұлы Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 2 және 3-тармақтарында, 51-бабы 4-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 4 және 70-баптарында белгіленген талаптарға сәйкес емес».


     



Айта кеткен жөн, тиісті хаттамаларға Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының    мүшелері қол қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23