Үміткерлер арасында жастардың көптігі қатты қуантты

Үміткерлер арасында жастардың көптігі қатты қуантты
Сурет: Сайлау 2023

Танымал эстрада әншісі Өктем Алтаев №26 емханада орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді, - деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

  «Мен алматылықтардың қаншалықты белсенді екенін көру үшін дауыс беруге түс ауа баруды шешкен болатынмын. Мұндай кезде ешкім үйінде жатпасы анық. Сонымен, мен сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың белсенділігіне таң қалдым. Сонымен қатар, мен тіркелген сайлау учаскесінде бәрі жақсы ұйымдастырылған», – дейді өнердің өкілі. 


Өктем Алтаевтың айтуынша, сайлау учаскесіне жақындағаннан-ақ музыка ойналып тұрған, ал бұл атмосфера кез келген адамға қуаныш, жоғары көңіл-күй сыйлайтынын атап өтті. Сондай-ақ кіреберісте кандидаттар туралы барлық ақпарат орналастырылғанын айтты. Яғни, бұл кімде-кім олардың сайлауалды бағдарламаларымен танысуға үлгермесе, оны дәл сол жерден оқып, білуіне болады деген сөз. 

«Үміткерлер арасында жастардың көптігі қатты қуантты мені. Бұл Қазақстанның болашағы жарқын екендігін анық көрсетеді. Бұл адамдардың барлығы ел игілігі үшін жұмыс істегісі келеді деп білемін. Сонымен қатар, бұл тек патриотизмді көрсетуге деген ұмтылыс емес, ол қазірдің өзінде нақты әрекеттер жасауға деген батыл қадамдар деп ойлаймын. Үміткерлердің көбі - халық арасында жүрген азаматтар. Демек, олар елдің жағдайынан сырттай емес, іштей біледі. Бұл да бізге үміт, сенім сыйлайды», – дейді әнші Ө.Алтаев.