Үмітіңді үзбегін

Үмітіңді үзбегін
artfile.ru

Ғалымдар жасаған мына бір тәжірибеге назар аударыңызшы.

Олар тышқанды су толтырылған ыдысқа салып, өмірі үшін қанша минут жүзе алатынын есептемекші болады. Сөйтсе, әлгі тышқан 16 минут қана жүзіп, суға батып кеткен. Дереу судан шығарып алып, 10 минут демалдырып, суы бар ыдысқа қайта салады. Бұл жолы 60 сағат жүзіп барып батқан. Өзге тышқандарға жасалған тәжірибелердің нәтижелері де осындай болған. Яғни тышқан өмір үшін екінші жолы алғашқысына қарағанда 225 есе артық уақыт күрескен.

Ғалымдардың түйіндегені: судағы тышқан бірінші жолы физикалық мүмкіндігін ғана пайдаланып күрескен.

Ал екіншісінде «Әлгінде сәл шыдағанымда мені шығарып алады екен, ертерек батып кетіппін. Тағы сәл шыдасам, мені шығарып алады» деген үмітпен 60 сағат бойы күрескен. Сонда тышқан тәжірибесінен шығатын қорытынды: адамзатты алға сүйреуші күш – үміт.

Үмітсіз адам өзінің тек физикалық мүмкіндігіне ғана тәуелді. Ал әрдайым үмітін үкілеп жүретін жандар мақсатына міндетті түрде жетеді деген сөз.