Ұлжан Байбосынова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Референдум ашық, демократиялы қоғамның дамуына септігін тигізеді

Ұлжан Байбосынова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Референдум ашық, демократиялы қоғамның дамуына септігін тигізеді
Сурет: Kazgazeta.kz

Бізді ең қуантқан түйткілді мәселелер көрініс тапты. Біріншіден, бұл жер мәселесі. Жер мәселесі бұл көптен бері халықтың көкейінде жүрген үлкен, күрделі көкейкесті мәселесі деп айтуға болады. Екінші көтерілген жақсы бір мәселе – бұл өлім жазасын алып тастау. Бір адамды өлім жазасына кесуге ешқандай  құқығы жоқ деген мәселе нақты көрсетілді.

Тағы бір қуантарлық жайт, бұл Конституциялық сот төрағасы, мүшелері, заң орындары, қауіпсіздік комитет қызметкерлері – бұлардың барлығы саяси партияларда болмауы тиіс деген нақты көрсетілді. Бұл біздің қоғамның ашық, демоктариялы қоғам ретінде алдағы уақытта дамуына үлкен өзінің септігін тигізеді деп ойлаймыз. Мысалы, соның ішінде Президенттің жақын туған-туыстары ешқандай басшылық орындарда, саяси мемлекеттік қызметте болмау керек екендігі мұның барлығы болашақта, келешекте біздің ұрпақтың халықтың мүддесі үшін жұмыс жасауына мол мүмкіндік туғызады деген ойдамын.