Ұлттық құрылтайда жастарды тәрбиелеу мәселесі қаралады

Ұлттық құрылтайда жастарды тәрбиелеу мәселесі қаралады Сурет: ашық дереккөз

Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында ұлттық идеология және жастарды тәрбиелеу мәселелерін қарау жоспарланған. Бұл жайында Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Алтай Көлгіновтің айтуынша, Үкімет отансүйгіштік, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, қазақстандық бірегейлікті дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп келеді. Соның аясында:


- Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын;


- Жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын;


- Мәдени саясаттың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын;


- 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын;


- Ақпараттық доктринаны қабылдаған.



«Осыған қоса, қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды тұжырымдайтын ҚР Президент жанындағы Ұлттық құрылтай қызмет атқарады. Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында ұлттық идеология және жастарды тәрбиелеу мәселелерін қарау жоспарланған. Жалпы бүгінгі таңда қолданыстағы тұжырымдамалар мен бағдарламаларда қазақстандық бірегейлікті, ұлттық идеологиялық құндылықтарды дәріптейтін бағыттар қарастырылған», - деп жазады Алтай Көлгінов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26