Ұлттық қордың валюталық активтері 1,3 млрд долларға өсті

Ұлттық қордың валюталық активтері 1,3 млрд долларға өсті
Сурет: Inbusiness.kz

Қордың инвестициялық табысы 142 млн долларды құрады.

Ұлттық банктің алдын ала мәліметтеріне қарағанда, мамыр айының қорытындысы бойынша Ұлттық қордың валюталық активтерінің көлемі 53,8 млрд долларды құрап, өткен айда 1,3 млрд долларға артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

«Өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке Ұлттық қордың теңгелік шотындағы қалдықтар және қорға теңгелік түсімдер есебінен трансферттер түрінде 370 млрд теңге бөлінді. Мұнай бағасы мен салық аптасының жоғары болуына байланысты қорға түсетін валюталық түсімдер мамыр айында 1,15 млрд долларды құрады», - деді Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

Оның айтуынша, өткен айдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың инвестициялық табысы оң қалыптасып, 142 млн долларды құрады.

Бұл ретте Ұлттық қордың ұзақ мерзімді кірістілігі құрылғаннан бастап жылдық мәнде 3,24%-ды, соңғы 5 жылда 2,30%-ды құрайды.