Ұлттық қордан балалардың шотына аударылатын қаражат екіге бөлінбейді

Ұлттық қордан балалардың шотына аударылатын қаражат екіге бөлінбейді
Сурет: Aikyn.kz

Ұлттық қорды екіге бөлу қарастырылып жатқан жоқ.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қордан 18 жасқа дейінгі балалардың есепшотына аударылатын қаражат жүйе ішінде айналымда, яғни реинвестиция ретінде қалуы тиіс. Бұл жағдайда оларға бөлінетін қаржы көлемі де үлкен болады, деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Ұлттық қорды «резерв қоры» және «Балаларға Ұлттық қор» деп екіге бөлуді ұсынған болатын.