Ұлттық қордағы қаржы 358 млрд теңгеге өскен

Ұлттық қордағы қаржы 358 млрд теңгеге өскен
Сурет: Factum.kz

Бір айдағы өсім – 1,3%. 

2022 жылғы ақпанда Ұлттық қордағы қаржы 358 млрд теңгеге артқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 

«Биыл ақпанның басында Ұлттық қордағы қаражат 27,15 трлн теңге, ал ақпанның соңында 27,51 трлн теңге болды», - деп жазылған Ұлттық қордың түсімдері және оны пайдалану туралы 2022 жылғы 1 наурызға арналған Қаржы министрлігінің есебінде. 

Осылайша, ақпанда Ұлттық қордағы қаражаты 358 млрд теңгеге немесе 1,3%-ға өскен.  

Қаржы министрлігінің есебіне сәйкес, Ұлттық қорға бір айда 924 млрд теңге түсім түскен, әрі 566 млрд теңге пайдаланылған.