Ұлттық кеңес биыл саяси реформаларды әрі қарай жалғастырады

Ұлттық кеңес биыл саяси реформаларды әрі қарай жалғастырады Inform.kz

Саяси реформаларды жалғастырудың негізгі бағыттарын талқылауға  байланысты ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қариннің қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Кездесу барысында Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамаларына басымдық жасады.


Аталған бастамалар бойынша саяси реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр.


Осы орайда Ұлттық кеңес мүшелері саяси реформаларды одан әрі жалғастыру бойынша өздерінің ұсыныстары мен негізгі тәсілдерді қалыпсатыруға қатысты ұстанымдарын ортаға салды.


Сарапшылар демократиялық қоғамның одан әрі дамуына ықпал ететін және Жаңа Қазақстанды қалыптастырудың негізіне айналатын жүйелі саяси өзгерістерді әзірлеу қажет екенін атап өтті.


Ұлттық кеңес құрылғаннан бері оның бастамасымен 23 заң қабылданды, бұдан бөлек 12 заң жобасы орталық мемлекеттік органдар мен Парламентте қаралуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54