Ұлттық банк соңғы 7 жылдағы автомобильдердің "сұр" импортына қатысты зерттеу жариялады

Ұлттық банк соңғы 7 жылдағы автомобильдердің "сұр" импортына қатысты зерттеу жариялады
Сурет: Egemen.kz

Зерттеуге сәйкес, 2015 жылдан бастап 2022 жылғы шілдеге дейін еліміздегі автомобильдердің "сұр" импортының құны шамамен 4,3 млрд долларға жеткен. 

"Қазақстанның төлем балансында автомобильдердің "сұр" импортын бағалауға қатысты" Ұлттық Банктің экономикалық зерттеулері жарияланды, деп жазады Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстан Бірыңғай сақтандыру деректер базасының (БҚБЖ) деректеріне сәйкес, 2015 жылғы қаңтардан 2022 жылғы шілдеге дейінгі кезеңде елдің сақтандыру жүйесінде жақын шет елдердің нөмірлері бар 1,6 млн. жеңіл автомобиль тіркелген. Деректер 1 миллионға жуық машинаны шетелдіктер, 558 мың машинаны қазақстандықтар сақтандырғанын көрсетеді", - делінген ақпаратта.

Зерттеуде резидент жеке тұлғалардың ЕАЭО елдерінің шетелдік тіркеу нөмірді автокөліктердің импортын бағалау келтірілген.

"Бағалау  автомобильдердің орташа құны шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен сату туралы хабарландырулар бойынша, сондай-ақ қайта сатушының маржасын ескере отырып пайдаланылады. Барлық хабарландырудың орташа бағаларын пайдаланған жағдайда, бағалау 7,2 млрд.долларға жетер еді", - делінген ҰБ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Telegram