Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жариялау мерзімін өзгертті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жариялау мерзімін өзгертті
Сурет: K

24 қазаннан 26 қазанға ауыстырды.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімді 26 қазанда жариялайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жариялау күнін 24 қазаннан 26 қазанға ауыстырды. Бұл өзгеріс «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға өзгерістер енгізуге және көрсетілген кезеңде демалыс күндерінің ауысуына байланысты болып отыр», - делінген Ұлттық банк хабарламасында.