Ұлт ұстазы ұлықталды

Ұлт ұстазы ұлықталды
Сурет: Massaget.kz

«Шоқан Уәлиханов» атындағы алаңда қазақтың көрнекті саяси қайраткері, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» атты іс-шара өтті.
Ұлы қоғам қайраткерінің мерейтойлық жылын тойлау аясында жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, «Жаңа ғасыр» театрының әртістері, ғылым докторлары, филология ғылымы кандидаттарының қатысуымен сахнада Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан әдеби қойылым сахналанды. Сондай-ақ зерттеуші ғалымдар құттықтау сөз сөйлеп, әуелей шырқалған халық әні «Екі жиренді» тыңдады.

А.Байтұрсынұлының өлеңдері оқылып, "Алатау" дәстүрлі өнер театрының солисі «Аққұм» әнін орындады.Ахмет Байтұрсынов – қазақ ақыны, әдебиеттанушы, түркітанушы, публицист, ұстаз, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. 20 ғасырдың басындағы Алаш Орда қозғалысының қоғамдық өмірі мен қызметіне белсене қатысты. Оның құрметіне Алматы қаласында Байтұрсынұлының мұражай-үйі мен ескерткіші ашылған. 
Шараға белгілі тарихшылар, алаштанушылар, филологтар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.