Ұлт сапасы – ел тағдыры

Ұлт сапасы – ел тағдыры
Сурет: Almaty.tv

Президент Жолдауына қатысты пікірді Almaty-akshamy.kz Assembly.kz-ке сілтеме жасап ұсынады.

ҚР Президенті Жолдауында алғы сөзін жер бетін жайлаған адамзаттың көңілін алаңдатып, біраз елдерді,оның ішінде біздің елге қауіп тудырған індетке тоқталып, одан елімізді аман алып шығудың жолдарымен бастауы талай қазақстандықтардың жүрегін жылытты деп ойлаймын. Президент жолдауын біз Аналар қауымы да зор ықыласпен тыңдап, толғаныспен қабылдадық.

Әсіресе, "Аңсаған сәби" бағытында әр шаңыраққа шаттық сыйлар бала сүю бақытына қол жеткізуге қолдау, балаларды қорғау  бауыр еті балаларымызды кез келген зорлық зомбылықтан қорғау өзекті мәселесі ұлтымыздың сапасын арттырудағы басты бағыттың бірі екенін, "Отбасы" бағытындағы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы баспанаға қол жеткізуді субсидиялау, денсаулық, жер-су, экологиялық тазалық сияқты көптеген әлеуметтік салаларды дамытуға бағытталған жұмыс жоспарлары көңілден шықты. Президенттің қоғамды дамытуды жоспарлайтын агенттік жайлы ауылшаруашылығын дамытуға айрықша басымдық беруі: "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасы жалғасатыны, аймақтардың дамуына еркіндік беру, тұрғын халықтың ұсыныстарын қабылдау, ұрпақ тәрбиесінде білім сапасы мен ғылымға бет бұру өте бір жаңа бағыттар болды. Ал енді Банк қызметі, Үш тағандай сот, прокуратура, полиция қызметі, Медиацияның ұлттық сипаты және мемлекеттік қызметшілерге жасалатын іріктеу-қысқарту реформалары өте тиімді шешім болды деп ойлаймын. Себебі "Саны көп сапасы аз" қызметшілерден гөрі аз болса да сапалы білікті кадрлар қызмет істесе, болашақтағы сыбайлас жемқорлықсыз қызмет пен қоғамның дамуына оң нәтижесін беретініне сенім мол. "Адам баласы бір бірінен ақыл,білім,ар мінез деген қасиеттерімен озады" деп Абай айтқандай Президент Жолдауындағы әр тарау ойдан шықты. Өйткені, біз аналар әрдайым осы салалар қызмет ететін тірліктің бәрінің басы қасында жүріп, тікелей байланыста боламыз. Президент атап көрсеткен: Терең білім, темірдей тәртіп, әділдік, адалдық, ысырапшылдыққа жол бермеу, бөстекі есептік тағы басқа азаматтық ұстанымға тән адами қырлар біздің Аналар қауымының да ұрпақ тәрбиесіндегі басты ұстанымы. Сондықтан әр буынның маңдайындағы әртүрлі сынақтарға қарамастан күрделі міндет үдесінен шығу үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз Аналар қауымы, ұлт сапасын арттыруда жаңарған, жаңғырған "Абай аңсаған азамат" тәрбиелеуіміз керек. Соған ықпал жасап,үлесімізді қоса білейік.