Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы төлемақысының мөлшері бекітілді

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы төлемақысының мөлшері бекітілді Сурет: ашық дереккөз
ҚР ИИДМ басшысы «Ақылы негізде «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының учаскесін пайдалану туралы» 2023 жылғы 4 шілдедегі бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Атап айтқанда, құжатта «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» учаскесі ақылы негізде пайдаланылатыны бекітілді.


Алматы қаласы мен Алматы облысы арқылы баламалы жолдар бойынша жүріп өтуге болады,-деп жазды Zakon.kz.



Ақылы жолдың бастапқы пункті – Алматы – Ұзынағаш автомобиль жолының 22+640 км, ақылы жолдың соңғы пункті – Алматы – Талғар автомобиль жолының 22+000 км.



Бір сағат ішінде жүріп өткен жолға қарамастан сапар құны:



  • жеңіл автомобильдер –  0,07 АЕК (241,5 теңге);

  • 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,08 АЕК (276 теңге);

  • 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,14 АЕК (483 теңге);

  • 32 жолаушы орнынан автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,16 АЕК (552 теңге);

  • жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,2 АЕК (690 теңге);

  • жүк көтергіштігі 15 тоннадан басталатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар – 0,22 АЕК (759 теңге).



Сондай-ақ құжатта көрсетілген санаттағы көліктер үшін 1 ай және 1 жылға абонемент сатып алу қарастырылған.


Абонемент құны:



  • жеңіл автомобильдер: бір айға – 0,5 АЕК (1725 теңге), бір жылға – 5 АЕК (17 250 теңге);

  • 16 орындық автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: бір айға – 0,6 АЕК (2070 теңге), бір жылға – 6 АЕК (20 700 теңге);

  • 32 орындық автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: бір айға – 1 АЕК (3450 теңге), бір жылға – 10 АЕК (34 500 теңге)

  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері автопоездар: бір айға – 1,5 АЕК (5175 теңге), бір жылға – 15 АЕК (51 750 теңге)

  • жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері: бір айға – 2 АЕК (6900 теңге), бір жылға – 20 АЕК (69 000 теңге)

  • жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар: бір айға – 2,5 АЕК (8625 теңге), бір жылға – 25 АЕК (86 250 теңге).


Бұйрық 2023 жылғы 21 шілдеде күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:32

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06