Ұлытау облысында жоғалған екі қойшы сегіз күннен бері іздестірілуде

Ұлытау облысында жоғалған екі қойшы сегіз күннен бері іздестірілуде
Сурет: Ашық дереккөзі

Іздестіру жұмыстары 8 тәулік бойы жүргізілуде.

Ұлытау облысында жоғалған екі қойшы 8 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін, 9 қаңтарда, іздеу жұмыстарына ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. Іздестіру жүргізілген бағыт - Жезқазған қаласы - «Тоба» қыстағы және «Кіші Киік» қыстағы - Жезқазған қаласы.

Іздестіруге Ұлытау ауданы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің, полиция департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Еске салсақ, «Кіші Киік» қыстауының 58 жастағы жұмысшысы 31 желтоқсан күні қыстақтан белгісіз бағытта шығып кеткен болатын. Жоғалғаны туралы 2 қаңтарда хабарланды. Іздестіру жұмыстары 8 тәулік бойы жүргізілуде.

Сондай-ақ 3 қаңтар күні кешке «Тоба» қыстағының иесі - 44 жастағы қойшы мал іздеуге шығып, оралмағаны туралы хабарлаған.

«Екі адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. ТЖ департаменті қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз», - деді ведомстводан.

Төтенше жағдай кезінде құтқару қызметінің тәулік бойғы 112 бірыңғай нөміріне немесе 101 нөміріне қоңырау шалуға болады.