Ұлыбританияда ковидтік шектеулер күшін жоюы мүмкін

Ұлыбританияда ковидтік шектеулер күшін жоюы мүмкін
Сурет: Rbc.ru

Ұлыбританияда коронавирустық шектеулер толығымен алынып тасталуы мүмкін

Билік мұндай қадамды елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты қабылдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Келесі айдың соңына қарай науқастардан бұрынғыдай оқшаулану талап етілмейді, бірақ үйден шықпауға кеңес беріледі. Кейбір сарапшылар үшін бұл күтпеген жаңалық болды, өйткені елде екпе алмағандар әлі де бар.

«Шаралардан бас тартуға әлі ерте», – дейді мамандар.

Еске салайық, Ұлыбританияда жабық орындарда және көлікте бетперде тағу міндетті емес. Ал кейбір қоғамдық іс-шаралар мен түнгі клубтарға бару үшін енді вакциналау төлқұжатын көрсетудің қажеті жоқ.

«Қазіргідей оң тенденция сақталатын болса, мен шектеулерді, соның ішінде ковид жұқтырғандарды оқшаулануға міндеттейтін заң талабын 21 ақпаннан бастап толығымен алып тастай аламын деп үміттенемін», - деді Ұлыбритания Премьер-Министрі Борис Джонсон.