Ұлыбритания қорғанысқа бөлінетін қаражатты ұлғайтады

Ұлыбритания қорғанысқа бөлінетін қаражатты ұлғайтады
Сурет: ашық дереккөз

Ұлыбритания алдағы екі жылда қорғаныс бюджетін 5 млрд фунтқа арттырады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ұлыбританияның қорғаныс бюджеті дүйсенбіде жарияланатын жаңа қауіпсіздік стратегиясында ұлғаяды. Бұл туралы ақпаратты Британия Премьер-Министрі Риши Сунак Калифорнияда АҚШ президенті Джо Байденмен және Аустрия Премьер-Министрі Энтони Албанеземен кездеспес бұрын растады.

2021 жылы Үнді-Тынық мұхиты аймағында қорғанысты қамтамасыз ету тұру үшін құрылған AUKUS (Аустралия, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары) қорғаныс альянсы шеңберіндегі бұл кездесуде Аустралияның атом сүңгуір қайығын жеткізуді үйлестіру жоспарланған. Аустралия АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Үндістан және Ресейден кейін әлемдегі атом сүңгуір қайықтарын пайдаланатын жетінші ел болады.

Ұлыбритания 3 миллиард фунтты AUKUS-ты қолдауға және сүңгуір қайықтарды жасау және техникалық қызмет көрсету бойынша өнеркәсіп инфрақұрылымын жетілдіруге жұмсауды жоспарлап отыр.