«Ұлы дала таңы» фильмі көрерменге жол тартпақ

«Ұлы дала таңы» фильмі көрерменге жол тартпақ
kazakhfilmstudios.kz

XV–XVI ғасырлар Қасым ханның арқасында қазақтың мемлекеттігі мен ұлы даланың өркендеген кезеңі саналады.

Қасым хан туралы кинотуынды 12 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіледі. «Қазақфильм» кинокомпаниясы туындының постерін жариялады.

«Тұсаукесер! Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» атты жаңа фильмінің ресми постері. Еліміздің тарихындағы елеулі тұлғалардың бірі – Қасым хан туралы көлемді туынды. Аты аңызға айналған билеуші XV-XVI ғасырлар тоғысындағы қазақ халқының азаттық пен тәуелсіздік үшін күресінің символдарының біріне айналды. Дәл осы уақыт Қасым ханның арқасында қазақтың мемлекеттігі мен ұлы даланың өркендеген кезеңі саналады», – деп жазды компания.

«Қазақфильм» тарихи туындының ресми трейлерін жақында ұсынатынын хабарлады. Қасым ханның образын белгілі актер Берік Айтжанов сомдаған.