Ұлы дала әуендері Парижде шырқалды

Ұлы дала әуендері Парижде шырқалды
Сурет: Qazaqtv.com

"Дударай", "Құсни Қорлан" және басқа да Ұлы даланың әйгілі әуендері Париж сахнасында шырқалды.

Оларды бір сахнада Австрия, Италия, Франция, Германия, Түркия елдерінде тұрып жатқан тегі қазақ музыканттар мен әншілер орындады. Іс-шара тарихи отанынан жырақта жүрген жүздеген қазақтың басын қосқан шағын құрылтай аясында өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com-ға сілтеме жасап. 

Шара «Отандастар» қоры мен Қазақстанның Франциядағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

"Ең бастысы, туған жеріңмен әрқашан байланыста болуың керек. Ең бастысы, бәріміз де Қазақстанда туғанбыз. Шетелде қазақ мәдениетін танытатын құрылтайда, концертте өнер көрсетуге мүмкіндік болып жатса, мен әрқашан қолдау білдіріп, қатысуға дайынмын", - әнші ҚҰдайберген Әбілдин (Германия).

"Біздің әуендерді Еуропа еліне таныту керемет идея деп ойлаймын. Себебі, қазақ музыкасы оңай өңделеді. Біз музыкаларды, тек қазақстандықтар ғана емес, еуропалықтар тыңдай алатындай аранжировка жасадық", - деді музыкант Айдана Мадияр (Австрия).