Ұлы Абайдың Қара сөздері түрік тіліне аударылды

Ұлы Абайдың Қара сөздері түрік тіліне аударылды
egemen.kz

Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде өткен рәсімге Түркияның қоғам қайраткерлері, көрнекті өкілдері мен ғалымдар қатысты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Қара сөздерді түрік тіліне тәржімалаған жазушы- ғалым Ашур Өздемир. Айтуынша, бұл оның қазақ тілінен түрікшеге аударған 15-ші кітабы. Шараның жалғасында Ашур Өздемирге екі ел арасындағы мәдени, әдеби байланыстардың дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.

Сонымен қатар Түркияда құрылған «Отау» мәдениет қауымдастығының басшысы Эльмира Шендуран және қауымдастық мүшелері жастарына қазақтың қара домбырасы тарту етілді.