ҰҚШҰ саммиті Мәскеуде өтеді

ҰҚШҰ саммиті Мәскеуде өтеді
Сурет:Sputnik

Биыл ұйымның құрылғанына 30 жыл толады.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің мерейтойлық саммиті 16 мамырда Мәскеуде өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім етті. 

«16 мамырда Мәскеуде ҰҚШҰ-ның 30 жылдығына орай ұйымға мүше мемлекеттердің саммиті өтеді. Мемлекет басшылары кездесу өткізіп, таңғы ас форматында жеке басқосулар ұйымдастырылады. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась және Армения премьер-министрі Никол Пашинян журналистер алдына шығып сөз сөйлейді», – деді Песков.

Қазіргі уақытта ҰҚШҰ-ға алты ел – Армения, Белрусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей мен Тәжікстан кіреді.