ҰҚШҰ Әскери комитетінің отырысы өтті

ҰҚШҰ Әскери комитетінің отырысы өтті
Сурет: Министрлік

БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне қосылу туралы сөз болды

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Әскери комитетінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бейнеконференцбайланыс режимінде өткен кеңеске Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Қарулы күштері бас штабтарының бастықтары қатысты.

Отырыс барысында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік өңірлеріндегі әскери қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндер қаралып, оларға қарсы іс-қимыл шаралары да талқыланды.

Одан басқа ҰҚШҰ-ның бітімгерлік әлеуетін дамыту, соның ішінде БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне қосылу туралы сөз болды.

Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басқару пунктінде қорғалған бейнеконференцбайланыстың ақпараттық бағытын кеңейту жайлы да ақпарат тыңдалды.

Кездесуге қатысушылар ұйымды жетілдіру, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери авиациясының халықаралық ұшуларын қамтамасыз ету аспектілерін және басқа да бірқатар өзекті мәселелерді қарастырды.