ҰҚК төрағасының орынбасарлары тағайындалды

ҰҚК төрағасының орынбасарлары тағайындалды
Сурет: Gov.kz

Президент Өкімі бойынша

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Руслан Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің басшысы болып тағайындалды;

Асхат Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрғали Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.