ҰҚК экс-төрағасы Мәсімовтің тергеу ісі қалай жүргізілетіні белгілі болды

ҰҚК экс-төрағасы Мәсімовтің тергеу ісі қалай жүргізілетіні белгілі болды
Сурет: Kompromat1.pro

Қылмыстық іс материалдарына «өте құпия» грифі берілген.

Мемлекетке опаздық жасау, билікті күшпен басып алу бойынша айып тағылған ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов тергеу кезінде қамауға алынған, деп хабарлады Almaty-akshamy.k Ria.ru  сілтеме жасап.

«К.Қ. Мәсімовке және А.Т. Садықұловқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Е.Д. Ерғожинге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралу үстінде», – делінген РИА Новости ақпарат агенттігінің жолдаған сауалына берілген ресми жауапта.

Сонымен қатар, ҰҚК қылмыстық іс материалдарына «өте құпия» грифі берілгенін хабарлады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жариялауға жатпайды.