ҰҚК Ділманов мен Арысбаевты ұстады

ҰҚК Ділманов мен Арысбаевты ұстады
Сурет: Ашық дереккөз

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшыларын ұстау туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҰҚК сілтеме жасап.

«2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов,  Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-делінген хабарламада.

Құзырлы ведомстводағылар өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайтынын жеткізді.